Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әмина Қабылдықызы
18-09-2017 07:50
Әмина Қабылдықызы

    «Бала оқыту - бақытым» деп санайтын қазақтың қыздары көп-ақ. Солардың бірі де бірегейі – Сарлыбаева Әмина Қабылдықызы болатын. Ол бірінші санаттағы білікті ұстаз, көреген тәрбиеші, аяулы ана, қадірлі әріптес еді.
    Әмина Қабылдықызы - 1976 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша тамамдап, саналы ғұмырында 40 жыл еңбегін бала оқытуға арнап, 2011 жылы «12 жылдық бағдарлама бойынша шет тілі мазмұнын жаңарту» бағытындағы Павлодар облыстық педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өткен болатын. Қажырлы еңбегінің арқасында 2012 жылы тамыз конференциясы аясында «Оқушыларды алты жастан ағылшын тіліне оқыту» номинациясы бойынша мақтау қағазының иегері атанды.
       Әмина апай шеберлігін шыңдай жүре, білгенін әріптестерімен бөлісу мақсатында жазған еңбектерін баспасөз беттеріне жариялап жүрді. Нәтижесінде, 2015 жылы халықаралық баспадағы басылым сертификатымен, 2016 жылы «Сабақ конспектілері» сайтының куәлігімен марапатталды.
    Әмина Қабылдықызы арамызда жүргенде өз тәжірибесімен бөлісе отыра талай ұрпақты тәрбиелеп, биік шыңдарды бағындырары сөзсіз еді. Амал қанша, жатқан жері жаннаттан болсын!