Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қара бұлтқа орынбасын Күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанымның бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
5 қазан күні мектебіміздің Тұңғыш Президенті кабинетінде ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, сондай-ақ олардың әңгімесінің мәнін ұғына білу, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді үйрету мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында ардагерлермен кездесу өтті. Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмытпауы тиіс.
Кездесу әңгіме-сұхбатпен жалғасты. Балалар соғыс ардагерінің қызықты да есте қалған әңгімелеріне тәнті болып, өздерінің сұрақтарын қойды. Ардагерлер өз сөзінде аздаған уақыт өздерінің тозы- тозы шығып басқарусыз, қару- жарақсыз, бірнеше күн тамақсыз қалғандарын, ал фашистердің моторлы көліктері, автоматты қаруларымен соғысқанын қынжыла әрі батырлана баяндап бергені балалардың патриоттық сезіміне дөп тиді. Қызығы, осыншама қантөгіс күндерді басынан кешіріп жүргенін батырлық жасадым демейді, қайта мен сол кездегі қатардағы жауынгердің бірі едім деп өз сөзін қорытындылады. Бүгін мектеп оқушыларымен кездесу өтіп, оларға соғыс туралы естелік айтып бердім, «Отанына адал болуы, тарихты білуі үшін жастарды тәрбиелеу қажет», - деп атап өтті ардагер. Кездесу барысында мектеп оқушылары дайындаған жүрек тебірентер әсем ән мен тақпақ айтып, соғыс жылдарындағы ел батырлығын суреттегендей болды. 5 сынып оқушылары ардагерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу нәтижесі оқушылардың бойында үлкенге деген құрмет, ізгілік, елжандылық, отансүйгіштік қасиетін қалыптастырды.
Мен өз басым мұндай ұмытылмас сәтті оқушылар үшін Жеңісті жақындатуға қатысушы майдангердің барлық шындықты өз аузынан естуін тамаша мүмкіндік деп санаймын. Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген ер азаматтар ерлік көрсетіп, майдан даласында қаза болды. Бірақ олардың алып берген Жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күшін сарп еткен ардагерлерге мың да бір алғыс. Ұлы Жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат!
Тарих пәні мұғалімі: Базен Б.Қ.