20 қазан күні облыстық білім беру басқармасының ұйымдастырумен жыл сайын өтетін жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Республикалық Мағжан оқуларының облыстық V кезеңі болып өтті. Сайыс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында жүзеге асып отыр. Республикалық Мағжан оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 5-11 сыныптарының оқушылары қатысты. Байқау шарттары үш бағыт бойынша өткізілді.
І «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
ІІ «Толқынмен толқын сырласып…» — шығармашылық жұмыс.
ІІІ «Ақында бір бала ғой айға ұмтылған» — жас дарындар конурсы.
№37 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Галлямова Данеля «Толқынмен толқан сырласып» бағыты бойынша «БАС ЖҮЛДЕ» иегері атанды.