«Занимательная грамматика» атты интеллектуалдық ойын
6 « Г» сыныбында 30 қазан күні орыс тілі пәнінен «Занимательная грамматика» атты интеллектуалды ойын өтті. Интеллектуалды ойынның мақсаты оқушылардың орыс тілінен өткен тақырыптарды меңгергенін байқау, ойлау қабілетін дамыту, әдеби тілді меңгеру,орыс тіліне қызығушылық дағдыларын қалыптастыру.
Бірінші топ «Знание» атты , екініші топ «Умники» болып бөлінді. Оқушылар топпен грамматикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар мақал-мәтел білетіндігін көрсетті. Ойын қызу өтті. Жеңіске жеткен «Умники» тобы. Ойын барысында оқушылар достастық рух көрсете білді.