ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2017 жылы қарашаның үші күні Павлодар қаласында «Зерде» республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Оған № 37 мектебінен 6 оқушының жұмысы қалалық сайыста жүлделі орындарға ие болып, облыстық кезеңге жіберілді. 6-7-сыныптар арасынан төрт оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 6-сынып оқушысы Қыдырбаева Камила ІІІ дәрежелі, Калиева Ясмин ІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Абдуллаева К.М. Абишева Камила, Сапарғалиева Мадина, Темиргалин Максат қатысқандары үшін сертификат иегері атанды.