
Қараша айының 9- шы жұлдызында мектебіміздің мәжіліс залында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен V Облыстық математикалық турнирінің салтанатты жабылу өтті.
Әдістемелік комиссия және қазылар алқасы құрамына бастауыш мектептегі математиканы оқыту мамандары енгізілген. Барлығы турнирге 40 команда құрамында Павлодар облысы білім беру мекемелері 2-4 сыныптарының 114 оқушысы және Омбы қ. (Ресей) №140 гимназиясының 6 оқушысы қатысты.
Турнир 2 кезеңде өткізілді: бірінші (командалық) – жазбаша түрде командаларды лигаларға бөлу мақсатында; екінші кезең 2 тур бойынша: І тур - командалық ауызша және ІІ тур - жеке жазбаша.
Турнир қомандалық және жеке біріншілікте қорытындыланды. Команда бойынша көрсеткен нәтижелері үшін мектебіміздің оқушылары Сайлаубай Ділназ, Отарбеков Мадияр, Дуремхан Мәдина 3-ші орынға ие болды.
Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін ең мықты екі команда «Бастау» республикалық математикалық турниріне жолдама алды.