24.11.2017 жылы Елбасының Болашаққа бағдар:«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептің мәжіліс залында «Болашаққа бағдар» атты фильмін мектептің ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары тамашалады.
«Болашаққа бағдар» атты фильмінің жалпы мазмұны Кеңес үкіметінен бөлініп шыққан ТМД елдерінің ХІХ ғасырға дейін жеткен белестерін айшықтап береді.
Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар болған жоқ.
Ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алып, аталған халықаралық шараны абыроймен атқарып шыққандығы жайлы, ең бастысы үшінші жаңғыру – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру – келешек ұрпақтың қолында екендігін ашып берді.
«Болашаққа бағдар» атты фильмі көрсетілді