Қолданбалы қолөнер бұйымдарының шеберлері
27 қараша күні «Ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері» атты еңбек кабинетінде 6 сынып арасында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты оқушыларды ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістерімен таныстыра отырып, жалпы түсінік беру.
Ашық сабақ барысында оқушыларды электр күйдіргішінің құрылысымен таныстыра отырып, оны қолдану тәсілін үйретті, атап айтқанда оқушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарын күйдіріп әшекейлеудегі икемділігін арттырып, жалпы өнерге, шеберлікке деген ынта қабілеттерін арттырып, оқушыларды өздігінен сапалы бұйым жасауға, әсемдікке тәрбиеледі.