29.11.2017 мектебіміздің Тұңғыш Президент кабинетінде 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында 11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты, оқушыларды сыбайлас жемқорлықпен күресу жоддарымен таныстыра отырып, адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.
Дөңгелек үстел барысында тарих пәнінің мұғалімі Б.Қанатқызы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресудің күрделі мәселелері туралы, толығырақ баяндады.
Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты бейнероликті тамашалап, ситуациялық жағдайды шынайы өмірмен байланыстыратын сұрақтарға жауап берді. Адалдық және әділдік деп екі топқа бөлініп, топ арасында мүдделі пікір алмасу болды.
«Жемқорлық індет, жою міндет»