Бірыңғай құқықтық мәдениет пен медиация күніне орай
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі білім беру орындары болып табылады. Білім беру орындарында құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіру мақсатында оқушыларға құқықтық тәрбие беру, оның мақсат міндеттерін дұрыс түсіндіру жөнінде тәрбие сағаты өтті. Құқықтық тәрбие беру жан-жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу».