Ел Ордаға 20 жыл
Биыл Астананың еліміздің ордасы болып жарияланғанына 20 жыл. Осыған орай, желтоқсанның 8-ші жұлдызы мектебіміздің мәжіліс залында 7-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты, Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу. Астана бірлік пен тұтастықтың, халқымыздың өз күшіне деген сенімділігін арттыратын ел рәмізіне айналған бас қала!