«Жай бөлшектерді қосу және азайту»
5 «Г» сыныбында математика пәнінен қызықты сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерді қосу және азайту». Сабақтың түйінді мақсаты: бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды үйрету.Сабақтың ұраны: «Білікті бір есеп шығарар, білімді көп есеп шығарар», сондықтан сабақтың барысында жеке және жұптық жұмыс, тест, «математикалық домино» ойыны өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен сабаққа қатысты.