6-«Д» сыныбында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сынып сағаты өтті. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілді.
Кіріспе бөлімінде муғалімнің түсіндірмесі тыңдалды. Негізгі бөлім үш бөлімшеден тұрды. Олар: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын», «Балалар құқығын қорғау», «Білімді ұрпақ – ел ертеңі». Жалпы сұрақ-жауап түрінде жүргізілді. Оқушылар белсене қатысты. Өз пікірлерін қосып отырды. Өздері білгісі келетін сұрақтарын ортаға салып талқылады.
Қатысушылар: Мен былай дегім келеді; Әлемнің бір адамы ретінде, Ақ жүрегіммен сөз беремін; Өзіме, жанымдағыларға, Күннің шуағын сыйлаймын, Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын, Қараңғыны нұрландырамын; Келер күннің шұғылалы боларына сенемін. «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз». Біз нені білдік? сауалнамасымен ойларын түйіндеді. Соңы мұғалім сөзімен қорытындыланды.
Сынып жетекшісі:
Қалдыкүл Манашқызы Абдуллаева