«Жағымды көңіл күй!»
Өткен сенбіде бастауыш сынып оқушыларымен «Жағымды көңіл күй!» атты тренинг жаттығулары өткізілді.
Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, бір-біріне жақсылық тілеу, ізгілік қарым-қатынас орната білуге үйрету. Тренинг барысында «Әуе шары», «Тілектер баспалдағы», «Би терапиясы» атты тренинг жаттығулары өткізілді. Тренинг барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, оқушылар асқан қызығушылықпен жаттығуларға қатыса білді.