Оқушыларды ҰБТ –ға дайындық науқаны кезек күттірмес бүгінгі күннің білім саласындағы ең ауқымды мәселелердің бірі екені айқын. Түлектерді ҰБТ-ға дайындау жолы жалпы ұжымдық мәселе болғандықтан , №37мектеп әкімшілігі, психолог, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, оқушылардың ата-аналары бір бағытта жұмыс жүргізіп жүр. Бұл жұмыстың барысын мектеп директоры мен . оның орынбасары , сынып жетекшісі үнемі арнайы кестелер құру арқылы үйлестіріп отырады және әр аптада мониторингтер жасап қадағалайды, пән мұғалімдерімен арнайы шағын кеңестер өткізіліп отырады. Соңғы кезде оқушылардың игеретін білімдерін өздері топпен бірлесе отырып түсіну ұйымдастырылып жүр, бұл әдіс те тиімді жақтарын көрсетіп отыр. Тақырыптар бойынша қайта - қайта тестілеу де -білімдерін орнықтыруға мүмкіндік туғызатын әдіс. Кей тақырыпты талқылауда оқушылардың өздерінің ішінен мұғалім ретінде бір оқушыны дайындап өткізген қайталау сабағының нәтижесі де баршылық. Тақырыптар бойынша тірек сызбаларды, кестелер құрастыру, өздеріне есептердің және жауаптардың үлгісін әзерлету оқушыларды іздендіре отырып дайындау да сапалы білімге жеткізетін тәсілдердің бірі екені сөзсіз.
ҰБТ-ҒА САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҚ – НӘТИЖЕ КЕПІЛІ