Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Спайстарды қолданудың зияны»
01-02-2018 16:11
«Спайстарды қолданудың зияны»

Бүгін мектебіміздің мәжіліс залында 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп испекторы Карманова Айгүл Асылбековнаның қатысуымен «Спайстарды қолданудың зияны» тақырыбында дәріс оқыды.
Айгүл Асылбековна дәрісінде «Спайс» деген не?, деген сұраққа кеңінен тоқталды. Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі есірткіге құмарлық болып табылады, оның ішінде халық арасында, балалар мен жастар арасында «спайс» деген психобелсенді заттың кеңінен таратылуы және қолданылуы. Спайс-бұл синтетикалық есірткі, химия, негізінен Қазақстанға Қытайдан жеткізіледі. Өнімді сатушылар оларды дәмдеуіші бар қоспа «легалка» деп атайды. Бұл есірткінің қауіптілігі адам ағзасын тез бұзып, оған бейімделу туындатады. «Спайс» деп аталатын темекі қоспасының құрамына бірнеше шөп, оның ішінде психобелсенді әсер беретін шөптер енеді. Әсіресе, шалфей, көк лотос, гавайлық раушан гүлі. Сондай-ақ, «Спайстың» қолдану белгілері анаша шегуге ұқсайтынын атап өтті:
1. Көру және есту галлюцинациялары туындайды. Көзін жұмған кезде адам әр түрлі бейнелер көреді, естиді.
2. Есі мен ойы бұзылады. «Спайсты» қоспасының әсеріндегі адам толығымен нақты өмірмен байланысын жояды, өз денесінің бар-жоғын сезбейді. Жадынан мүлдем айырылуы да мүмкін.
3. Еріксіз әрекеттер. Мысалы, адам айналып жүре береді, заттарға сүрінеді.
4. Амнезия. Оянғаннан кейін адам не істегенін есіне түсіре алмайды, айналасында не болғанын да білмейді.
5. Көзі қызару – «спайс» қолданған адамның белгісі.
6. Тәбеті ашылады, шөлдейді, тәттіге құмар болады.
7. Ауызы кебеді.
8. Беті қызарады.
9. Артериалды қан қысымы көтеріледі.
Айгүл Асылбековна жиын барысында зиянды қоспасы бар заттарды тұтынғанда туындайтын зардаптар жайлы көптеген мәліметтер келтірді. Жан-жақты шынайы ақпараттармен түсіндіріп,арнайы дайындалған бейне ролик көрсетті. Сонымен қатар оқушылар маманға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.