"Достық" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
2018 жылғы 15 наурызда 6 г сыныбында "Достық" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып сағатын өткізудің мақсаты:
1. Нағыз риясыз достық туралы түсінік беру.
2.Достық ережесімен таныстыру, достықтың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету, адамның адал достарсыз өмір сүре алмайтындығын түсіндіру.
3. Адамгершілікке үйрету, бір-бірін түсінуге, қуаныш пен қайғыны бөлісудің маңыздылығын үйрету.
4. Қоршаған ортаға құрметпен қарауға, балалардың бір-біріне сыпайы қарым-қатынас жасауына тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. "Достық" ұғымының мағынасын балаларға түсіндіру.
2. Пайымдауларды қалыптастыру қабілетін дамыту.
3. Адамдар өміріндегі достықтың маңыздылығындағы өз тұжырымын қалыптастыру.