Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Таэквандодан қалалық турнир өтті
27-02-2018 14:41
Таэквандодан қалалық турнир өтті

     Таэквондо (тхэквондо) - корей халқының ұлттық спортының бір түрі. 2000 жылдан бастап олимпиадаға енгізілген таэквондоның шығу тарихы алыста жатса да, заманауи күрес жүйесі ретінде ол тек XX ғасырда қалыптасты. Таэквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, атауы да соған орай қойылған: «тхэ» - аяқ, «квон» - жұдырық (қол), «до» - өнер дегенді білдіреді. Мақсаты – жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек. Біздің елге жекпе-жектің бұл түрі тәуелсіздікпен бірге келді десек болады. Дәл сол жылдары әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік атажұрты Қазақстанға келіп таэквондо жоғары мектебінің негізін қалаған еді.
      №37 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып оқушылары осы спорт түріне белсене қатысады. Ағымдағы жылдың 25-ші ақпаны күні «Автомобилист» спорт кешенінде өткен «Таэквондодан қалалық турнирінде» бастауыш сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда: Ермек Бекзат, Рахметолла Мансұр 2 орын, Кайрбаев Ильяс пен Кожанов Батырхан 3 орын жүлдегерлері атанды. Осы оқушылар мектеп намысын қорғай білді.