Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодарда Smart мектептер пайда болды
02-03-2018 16:38
Павлодарда Smart мектептер пайда болды

   Павлодар қаласы әкімі Н.К. Әшімбетовке Павлодар қаласы № 37 жалпы білім беру мектебінің сандық мүмкіндіктерін таныстырды. Ол «Smart Павлодар» қосымшасына қосылған. Бұл мобильдік қосымшаны Play Market, немесе App Store қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады. Смартфон көмегімен оқушылар ата-аналары балаларының мектепке келіп және кеткен уақыттарын дәл бақылап отыра алады. Оқу орнының кіре берісінде ҚББЖ (қолжетімділіктерді бақылау және басқару жүйесі), басқаша айтқанда – турникет орнатылған. Ең алдымен, ол мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін қажет болып табылады. № 37 ЖОМ оқушыларын кіре берісте саусақ таңбалары арқылы сәйкестендіреді. Бұл үшін заманауи қондырғы орнатылған.
    Саусақ таңбалары арқылы оқушылар асханадағы түскі астары үшін төлем жасай алады. Мәзір кез-келген смартфон иесі жүктеп ала алатын «Smart Павлодар» мобильдік қосымшасында онлайн режиме алдын-ала қалыптастырылады. Қалауынша мәзірді ата-анасы немесе мұғалімі алдын-ала қалыптастыруына болады.
    «Ата-ана түскі ас мәзірін бір күн бұрын немесе түскі ас алдында қалыптастыра алады, егер ата-ана бұнымен айналысқысы келмеген жағдайда, мұғалім оқушының қалауынша мәзірді қалыптастырады. Бұған дейін мұғалімдер қағаз жүзіндегі мәзірлерді қолмен толтырып келген болатын, ал қазіргі таңда барлығы сандық форматқа өтті. Электронды тапсырыс алдын-ала асханаға келіп түседі, ол жерде біз орнатқан арнайы жүйе саусақ сәйкестендіргіші бойынша баланстан түскі ас бағасы есептеп алынады», - дейді «Smart Павлодар» мобильдік қосымшасын жасап шығарушы Максим Морозов.
     Балансты асханада толтыруға болады. Баланстан түскі асқа төленген сома алынған сәтте, ата-анаға ескерту хабарламасы келіп түседі. Сол сияқты, мәзір және оның бағаларын деректер базасына әрбір оқушы (сынып, сынып жетекші, кесте, оқушының мектепке қашан келгені мен қашан кеткені, асханада не және қашан ішкендігі) туралы ақпарат енгізілген «Smart Павлодар» мобильдік қосымшасында көруге болады. Деректер базасына қолжетімділік тек арнайы парольді енгізумен мүмкін болады.
    Бүгінде № 37 ЖОМ заманауи технологиялар - «Teacher Office» және мұғалімдер бөлмесімен жабдақталған. Онда мұғалімдер үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жасалған, оның көмегімен мұғалімдер кітапханадан алдын-ала кітапқа тапсырыс жасай алады. Мұнда да, саусақ таңбасы бойынша сәйкестендірудің арнайы жүйесі орнатылған. Кітапхана қоры сандық форматқа ауыстырылған.