Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
06-03-2018 14:42
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу

    Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2018 жылғы 5 наурыз күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Кадырбаеваның педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесуі өтті.
     Кездесу барысында қонақтарға № 37 ЖОББМ оқу-материалдық базасы таныстырылды. Білім бөлімінің басшысы қалалық білім беру орындарындағы «Сандық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және аталған бағдарламаны енгізудің алғашқы пилоттық жобасы № 37 жалпы білім беру мектебінде орнатылған «Smart Павлодар» туралы ақпарат берді. Қолжетімділіктерді бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ-турникет) және заманауи мұғалімдер бөлмесі - «Teacher Оffice» пен мектеп оқушыларының автоматты тамақтану жүйесі де таныстырылды.
   Салтанатты кездесуде ардагерлерге қалалық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыстар айтылып, № 1 Балалар музыка мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, сол сияқты № 37, 16, 23, 24, 26, 34, 41 мектеп мұғалімдерінің қатысуымен музыкалық концерт қойылды.
    Педагогикалық еңбектің ардагерлері Нина Федоровна Логвиненко және Аштаева Қарлығаш Иргалиевна атаулы мерекелерде әріптестермен кездесулер өткізудің дәстүрге айналғанын атап өтті. осындай кездесулерде әріптестер білім саласындағы жаңашылдықтар мен жетістіктер туралы сөз қозғайды. Қонақтар мерекелік көңіл-күйге оранып, өз тараптарынан алғыс білдірді.