«Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығын насихаттау мақсатында бірнеше ашық сабақтар көрсетілді. Олар: «Ниет тазалығы-ізгілік мұраты», «Құндылықтар әлемі», «Бақыт құшағында» және т.б. Осындай сабақтардың нәтижесінде оқушылардың бойында адамгершілік-ізгілік қасиеттері одан әрі дами түсетін болады. Адами құндылықтар тәрбие ісінің бастауы болып табылады.