Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Махамбет оқулары» қалалық кезеңін өткізді
20-03-2018 11:49
«Махамбет оқулары» қалалық кезеңін өткізді

     2018 жылғы 16 наурызда Павлодар қаласы №25 жалпы білім беру мектебінде қаламыздың жалпы білім беретін оқу ордаларының 5-11 сынып оқушыларының арасында «Павлодар дарыны» БУҚБДДО МҚКК «Махамбет оқулары» қалалық кезеңін өткізді.
     «Махамбет оқулары» үш бағыт бойынша қала мектептерінің оқушылары арасында ақынның шығармашылығын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
    Сайыстың үш бағытының бірі – «Тартынбай сөйлер асылмын...» ақындық өнер бойынша «Дауылпаз ақын ел мақтаны» жас дарындар байқауынан мектебіміздің жас өрені 5 «А» сынып оқушысы Жиенбек Ерсұлтан (Жетексіші – Дүйсенбина Гүлсім Амангельдиновна) 3 дәрежелі диплом иегері атанды.
      Сол сияқты «Дауылпаз ақын ел мақтаны» байқауының «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» атты номинацияда ақынның шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша №37 жалпы орта мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Машрап Ахмеди (Жетексіші – Ақпарова Тоғжан Тлеуғабыловна) да 3 дәрежелі диплом иеленіп, мектебіміздің мерейін асырды. Оқушыларымызға қанаттарың талмасын! Жеңістерің құтты болсын дейміз!