Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Наурыз — көктем мерекесі»
21-03-2018 16:01
«Наурыз — көктем мерекесі»

      Кеше мектебімізде көктемнің жаңа күні, жыл басы мерекесі – наурыз атап өтілді. Наурыз — күн ментүннің теңесетін мерекесі. Бұл күнді қазақтар Жаңа жылға деп атап, жаңа күннің бастауы санайды. «Ұлыс күн" — халық үшін ең ұлы күн болып табылады.
   Отан патриоттарын тәрбиелеу мақсатындағы шаралардың бірі ретінде аталған мерекеге орай, «Наурыз — көктем мерекесі» мерекелік бағдарламасы өткізілді.
    «Наурыз — көктем мерекесі» мерекелік бағдарламасын өткізу барысында, 1-11 сынып оқушылары қазақ халқының сал-дәстүрлерін мақтанардай көрсетті. Барлық мектеп оқущылары мұғалімдер мен ата-аналар да ұлттық киім киініп, ұлттық тағамдарға толы дастархан басында ақ тілектерін жаудырып, ақ баталарын берді. Наурыз мерекесінің символына айналған Наурыз-көже құйылып, оның пайда болу тарихы мен құрамы, яғни бидай, күріш, ет, ұн, су, айран мен тұздың неліктен қосылатынын айтылды. Технология мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қолөнер бұйымдарының шеберлері жасаған барлық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп спортзалында қазақтың ұлттық ойындары, қазақша күрес, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ сайыстары өтті. Оқу орнының мәжіліс залында слт-дәстүрлер көрсету мен концерттік бағдарлама өткізілді. Мектебіміздің даярлық топ бүлдіршіндері де, мұғалімдер мен ата-аналарын өз шығармашылықтарымен қуантты.
       Сыныптар бойынша Наурыз мерекесіне арналған бағдарламаларды ұйымдастыру нәтижесінде және бағдарлама ішілік номинациялар бойынша, атап айтсақ, салт-дәстүр көрсету, ұлттық киімдер кию, наурыз дастарханын әзірлеу, шығармашылық-сахналық қойылымдар көрсету, безендіруді өте жақсы деңгейде көрсеткендері үшін сыныптар келесідей орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды: бастауыш сынып бойынша І орын -1А,1В, 2Г, 3Б, ІІ орын – 0А,1Б, 2В, ІІІ орын – 0Б, 1Г, 2 Б, 3А. Жоғары сыныптар бойынша І орын 5 сыныптар, ІІ орын 10 сыныптар, ІІІ 6 сыныптар.
     Барлықтарыңызға көктем меркесі осындай береке, қуаныш әкелсін! Наурыз құтты болсын! Әр шаңырақта бақыт, молшылық, табыс пен мейірім толы болсын!