Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық олимпиада жүлдегерлері
03-04-2018 16:57
Республикалық  олимпиада жүлдегерлері

    03.04.2018 жылы таңғы сағат 8-ден Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы Республикалық гуманитарлық пәндер олимпиадасының Қазақстан тарихы пәнінің ІІІ орын жүлдегері Айдарханов Айдар мен құқықтану пәнінің ІІІ орын жүлдегері Құттыбаева Адельді зор қошеметпен қарсы алды. Мектеп директоры Жүсіпова Л.Б және оқу ісінің меңгерушісі Бектемирова Г.Б. жеңімпаздарымызды және дайындаған жетекшілері Касымжанова А.Е. шын жүректен мектеп ұжымы атынан құттықтау айтты. Пән олимпиадасына екі жүлдегерді де Қазақстан тарихы мен құқықтану пәнінің мұғалімі Алия Егинбаевна Касымжанова дайындады. Мектебіміздің мәртебесін асқақтатқан оқушыларымызды және Алия Егинбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз. Бұл біздің мектебіміздің әлі де биікке өрлеуінің бастамасы деп танимыз. Республикалық пәндер олимпиада жүлдегерлерінің саны әлі де артады деген сенім білдіреміз.