Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас чемпион
10-04-2018 11:21
Жас чемпион

    2018 жылғы 25 наурызда Ресей Федерациясының Алтай өлкесі әкімшілік орталығы болып табылатын Барнаул қаласында С.А. Ильяшенконы еске алу құрметіне арналып өткізілген 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған дзюдо турнирінде Павлодар қаласының № 37 жалпы білім беру мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Кәбен Диас 66 кг салмақ дәрежесінде сайыс алаңына түсіп, І орынды иеленді. Халықаралық жарыстардың талай жүлдесін қанжығасына байлап жүрген Диас Павлодар қаласы «Батыр» балалар мен жасөспірімдер бос уақытын қамту орталығының тәрбиеленушісі. Диастың шеберлігін шыңдап, жарыс алды баптайтын жаттықтырушы Мусабекова Айгүл Төребайқызының талмай еткен еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Диасқа жеңісің құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта Қазақстанның көк байрағын әлем елдерінде желбіретеді деген үмітпен талай жеңіс тұғырларын бағындыруды тілейміз!