Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Aйтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевтың облыстағы дарынды оқушыларымен кездесуі өтті
18-04-2018 07:56
Aйтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевтың  облыстағы дарынды оқушыларымен кездесуі өтті

     17.04.2018 жылы Павлодар қаласының М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинетінде белгілі айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевтың облыстағы дарынды оқушыларымен кездесуі өтті. Кездесуге мамандырылған «Жас дарын», Ы.Алтынсарин атындағы № 3 мектептерінің , қала мектептерінің ішінен № 37 жалпы орта білім беру мектебінің түрлі деңгейдегі көркем сөз, әдеби, шығармашылық сайыс жүлдегерлері атанған дарынды оқушылары қатысты. Акынмен кездесу кеші оқушыларымызға қатты әсер етті. Ақынның суырыпсалмалық, ақындық қасиетіне, шешендік өнеріне тәнті болып, ерекше сезімге бөлендік. Шығарған өлеңдерін оқып, домбыра сүйемелдеуімен ән де айтты. Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні өте зор, себебі ақынның жүрегінен шыққан әрбір сөз тыңдарманына жетіп, сөз өнеріне, әдебиетке деген қызығушылығын дамытып, шығармашылығының өрлеуіне септігін тигізеді.