Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебіммен мақтанам
24-04-2018 14:23
Мектебіммен мақтанам

     Павлодар қаласының № 37 мектебі – жаңашылдықтың, эстетикалық әсемдіктің бейнесі. Мектебімізде Смарт Павлодар жобасы іске сәтті қосылды. Осы жоба мұғалімнің асханаға тапсырысты сыныпта отырып- ақ жасауына жағдай туғызды, онымен қатар ата- ана үйде отырып асхана мәзірін байқап, өзі де тапсырыс бере алады. Мектепке кеткен баласының уақытылы мектепке жету- қайту уақытын да бақылай алады.
    Мектепте шахмат кабинеті, Президент кабинеті, асханамыз бен кітапханамыз да көрікті жабдықталған. Мұғалімдерге арналға «teacher office» бөлмесі мұғалімнің жұмыс істеуі мен демалуына қолайлы. Робототехника кабинетінде балалардың лего бөлшектерінен жасалған роботтары қызықтырады.
    Біз мектептің ашылғаннан бері осында жұмыс істеп, мектебіміздің дәрежесінің күн санап өсіп көтеріліп келе жатқанына куәміз.
Осы оқу жылында 4 – сынып балаларын ұшырғалы отырмыз. Тарыдай боп кірген, ойына ой қосып, бойына бой қосып көз алдымызда өскен ұл-қыздарымызды қимастықпен орта буынға шығарып саламыз.
     Біз білім нәрімен сусындатқан балалар мектебіміздің атына кір келтірмей мақтанышы боларына сенімдіміз.

 

Бастауыш сынып мұғалімдері: Нұртазина Ш.А., Адамбаева А.М.