Республикалық «Өнеге» Интеллекті дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың сәуір айының 5 мен 20 күндері аралығында өткен «Үздік ғылыми жоба» байқауына №37 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 3 а сынып оқушысы Жиенбек Бексұлтан Ғаниұлы І дәрежелі және Оразтай Аружан ІІ дәрежелі диплом иеленіп, сол сияқты, № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 4 а сынып оқушылары Гросс Арнат пен Тати Назым да аталған сын байқауында І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Балалардың ғылымға бет бұрып, өздігінен қызығушылық танытқан тақырыптарын аша білулеріне ықпал етуші жетекшілері Гүлбаршын Шарипқызы Досмағамбетова мен Кульям Габдувалиқызы Смағұлова ерен еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Үздік ғылыми жоба»