2018 жылғы 30 мамырда «Ақ Отау» мейрамханасында «Сарыарқа жұлдыздары - 2018» - 2017-2018 оқу жылының облыс және республикалық олимпидалар жүлдегерлерін марапаттау мерекесі өтті.
Оқу жылының соңындағы жетістіктері үшін Павлодар қаласының әкімі оқушыларға алғыс хаттар, «Сарыарқа жұлдызы - 2018» төсбелгісін және құнды сыйлық – ноутбук табыстады. Жеңімпаздар мен призерлерді дайындағаны үшін жоғары кәсіби еңбектерінің жемісі ретінде 7 мұғалім қала әкімінің алғыс хаты мен төс белгісін иеленді. Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалардың біріне демалыс жолдамасын иелену мәртебесі біздің мектебіміздің тарих пәніннің мұғалімі Қасымжанова Әлия Егінбайқызына бұйырды. Әріптесіміз дайындаған екі оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орындарды иеленген болатын.
«Сарыарқа жұлдыздары - 2018»