«Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы өтті.
2018 жылғы 22 тамызда мектебімізде «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелді мырза, Павлодар облысы білім беру басқармасының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев қатысты. Мектептегі рухани жаңғыру бағдарламасының басты мақсаты болып, өскелең ұрпақтың бойында шынайы патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз еліне, өз қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, салты мен дәстүріне деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстан халқының өркениетті мәдениетін және дәстүрін дәріптеу.