Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ел болашағы - қазақ тілінде»
21-09-2018 12:50
«Ел болашағы - қазақ тілінде»

Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінде «Тілдер айлығы» аясында 11- сынып оқушылары « Ел болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, ана тілімізді қолдау, ұлттық рухты нығайту. Оқушылар тіл туралы заңнамаларға негізделіп, мемлекеттік тілді қолдану және дамыту жолдары бойынша болжау айтты, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында берілген латын графикасына көшу мәселелерін де қозғады. Бұл шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Т.Т.Акпарова және Г.А.Дюсенбина. Мектеп түлектерінің өзіндік пікір айтып, креативті ойлау дағдыларының дамуына көп көңіл бөлінді. Ұлттық тәрбие өз ана тіліне деген сүйіспеншіліктен басталады, сондықтан мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор.