Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көркем еңбек»
24-09-2018 07:48
«Көркем еңбек»

Қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор. «Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.