ДАМЫТУШЫЛЫҚ САБАҚ
Сенбі күні 5-«В» сынып оқушыларымен дамытушылық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін одан әрі қарай дамыту. Оқушылар белсенді түрде қатысты. Өздерінің алдағы уақытта білгісі келетіндерін сабақ соңында «БББ» әдісі арқылы көрсетті. Бұл әдістің оқытушы үшін келесі сабақ жоспарын құруға пайдасы зор. Пән мұғалімі: Қ.М. Абдуллаева