Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
24-10-2018 19:42
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Бүгін мектебімізде «рухани жаңғыру» аясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қалдыкүл Манашқызы Абдуллаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Оған ф.ғ.д., профессор А.Қ. Тұрышев және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология және тарих факультетінің деканы Қ.С. Ерғалиев мырза шақырылды.

Шара барысында латын әліпбиіне көшудің еліміз үшін маңызды тұстары талқыланып, ғалымдар тарапынан келелі ойлар айтылды. Межелі мақсаттарға жету үшін тіл мамандарының аянбай тер төгіп жатқандығы ерекше ескерілді. Ал ғалымдар еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданған шешімдерге қолдау көрсету – еліне жаны ашитын әрбір қазақстандықтың абройлы міндеті екенін жиналғандар бір ауыздан қолдады.