09. 11. 2018 жылы Павлодар қаласының № 37 жалпы орта мектебінде Павлодар облысы білім басқармасы мен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті арасында меморандумға қол қою рәсімі өткізілді. Салтанатты жиынға Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ирина Николаевна Сорокина қатысты.
Бұл жобаның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер және олардың ата-аналарының өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Павлодар облысы бойынша 103 мектеп «Денсаулықты нығайтуға ықпал жасайтын мектеп» жобасына енген. Сонымен қатар облыстың 40 мектебі жобаға кіргізілмек. Осы мектептің ішінде біздің №37 мектеп те бар.
Құттықтау сөз Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына берілді. Мектеп оқушыларының танымал волейбол, баскетбол командалары шығып, жаттықтыру ойындарын көрсетті. Меморандумға салтанатты түрде қол қойылу рәсімі өткізілді. Шара спорттық флешбомпен аяқталды.