Ұлттық ойындар: асық ату
Тақырыбы: Ұлттық ойындар
Мақсаты: Асық атудың ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйрету. Балалардың ептіліктілігін,икемділігін,мергендіктерін дамыту. Ұлтжандылыққа,Отанын, спортты сүюге тәрбиелеу.
Асық ату — бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы қажетті асықты атқанда екі қолдың он саусағының кез-келгенін пайдаланады. Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды. Бұлай істеген жағдайда асық келесі ойыншыға ауысады. Асық атудың әдісі — ойыншы көндегі асықтың орналасуына қарай асықтарды атады. Асықты атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс.