«Тіл грамматикасы» үйірмесі
Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың пән бойынша білімдерін тереңдету мақсатында, тіл қызметін жүйелі меңгерту, оқушылардың сөз мәдениеті талаптарына сай білім-білік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі үйірме, арнайы курстар өткізіледі. 6 «А» сыныбында «Тіл грамматикасы» атты курсын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дюсенбина Г.А. жүргізеді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Bilimland» , «Itest» мүмкіншілктері кеңінен қолданылады. Бұл курс бойынша құрылған тапсырмалар оқушылардың білімін, коммуникативтік-ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуына ықпал етеді.