Наурыздың келуінің өзі - жаңару. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек. Бұл күнге халық барынша дайындалады. Үйдегі ескі заттарды шығарып, бір-біріне ақ тілектерін айтып, реніште жүрген дос-жарандар бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады. Мұқтаж адамдарға қолдау, көмек көрсетіп барынша кең пейілді болады. Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Соған байланысты, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының басты белгісі ретінде «наурыз көже» пісіріледі. Ол 7 түрлі заттан жасалады. Ұлттық тағамға қосылтын 7 түрлі зат біріншіден 7 аптаны білдіреді. Сонымен қатар, жеті саны ежелден қасиетті сан саналады. Өзге халықтарда да 7 заттан жасалатын тағамдар бар.
Наурыз мейрамы