«Қазіргі қазақ жазуы» үйірмесінің жұмысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласы №37 жалпы орта білім беру мектебінде 5-сыныптарда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мақсатында «Қазіргі қазақ жазуы» үйірмесі ашылған. Үйірме жетекшісі – Умрахимов Сакен Балтекович. Оқушылар әліпбиді толық меңгерді. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде диктант, эссе, ойтолғау сияқты шығармашылық жұмыстарды еркін, сауатты жаза алады. Жаңа әліпбиге деген қызығушылығы зор, белсене қатысады.