Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай,ұстаздардың төл мерекесімен тұспа-тұс «ЗЕРДЕ» 1-7 сынып оқушылары арасында Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары жүлделі орындарғаие болды. Бастауыш сынып оқушыларына тоқталар болсақ, 4 «Б» сынып оқушысы Абдиков Жандос «Абай өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі ролі» атты ғылыми жұмысымен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен 3 «А» сынып оқушысы Қасымжан Әли «Алюминий ыдыстарының пайдасы мен зияны» атты жұмысымен, 4 «А» сынып оқушысы Әбдрахман Іңкәр «Көгөністер мен жемістердің құрамындағы нитраттар» және 4 «Д» сынып оқушысы Ағынтай Ерхан «Жаяу жүргіншілер өткелін модернизациялау үшін роботты жобалау» атты жұмыстарымен жүлделі орындарға ие болды. Жас зерттеушілерге, сәттілік!