"Менің Туым, менің Отаным! "
Қарашаның он үші күні мектебімізде "Менің Туым, менің Отаным! " патриоттық акциясы аясында сап түзеу жиыны өтті. Қазіргі таңда Қазақстанның көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз түрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патриотизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде! Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз! Жаса, Қазақстаным!