Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер жобасын жүзеге асыру" жолындағы ХVІІІ облыстық конференциясы өтті.
20-11-2019 21:05

    Бүгін мектебімізде "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер жобасын жүзеге асыру" жолындағы ХVІІІ облыстық конференциясы өтті.Конференция барысында "Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ММ-нің басшысы Т.Б.Баймаханов, осы орталықтың мамандары және облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілі А.Мұқышова баяндамаларын оқыды.Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарының мақсаты, бағыт-бағдарлары, проблемалары жайлы мәселелер қозғалды.Сонымен қатар қазіргі уақытта оқушылар арасында кең таралып отырған сырқат түрлері де айтылып кетті.Конференцияның екінші кезеңінде мектебіміздің СӨС үйлестірушісі Б.Б.Секенова мен биология пәні мұғалімі Г.Б.Султангазина "ЖИТС - ғасыр індеті" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Ербол мен В.Кантореева шеберлік сыныбын, Б.М.Алимжанов пен С.К.Жумаханова дене шынықтыру сабағынан үзінділер көрсетті.Сонымен бірге мектеп психологтары К.Абылай мен Н.Б.Идрисова "Қарым-қатынас орнату, көңіл күйді басқару" тақырыбында конференция қатысушылармен тренинг өткізді.