Павлодар қаласының М.М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №25, №35, №37 мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Ұлы дала ұландары» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Біздің мектептің 6 «А» сынып оқушылары І дәрежелі Дипломға иеленді. Бұл зияткерлік сайыста еліміздің тарихы, әдебиеті, тіліне байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің терең білімдерін, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Сайысқа оқушыларды дайындаған жетекші: А.Е.Қасымжанова. Құттықтаймыз!!!