ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен алқалы жиында "Ауыл" партиясының ұсынуымен осы партияның мүшесі, Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Умрахимов Сакен Балтекович Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" белгісімен марапатталды.