Облыстық олимпиада қорытындысы
2020 жылдың 5-6 қаңтарында Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Осы жолы да әдеттегідей мектебіміздің оқушылары жеңіс тұғырынан көріне білді. Олимпиадаға қатысқан оқушылар саны-9, биология пәнінен 10 сынып окушылары ( Рахимжан А, Базарбекова Д), кұқық негіздері пәнінен 9 сынып оқушысы ( Рамазанова А), Қазақстан тарихынан 11 сынып оқушысы Каирова Ажар, ағылшын тілінен 9 сынып оқушысы Садвакасов Б 3 орындарға ие болса, 10 сынып оқушысы Гумар Ернур орыс тілі пәнінен 1 орынды иеленіп, Республикалық пән олимпиадасына жолдама алды. Гумарға сәттілік тілейміз, барлық мектебіміздің жүлдегерлерін кұттыктаймыз, дайындаған пән мұғалімдеріне және Л.Б.Жусупова бастаған мектеп командасына шығармашылық табыс тілеймиз!!!