Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абайды оқы, ерінбе»
23-01-2020 15:57
«Абайды оқы, ерінбе»

       Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық  бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының қарсаңында 2019 жылдың 22-23 қаңтарында Алматы қаласының Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 9-11 сынып оқушылары арасында «ІІ Респубикалық Абайтану олимпидасы» өткізілді. Олимпиадаға 120 оқушы қатысты. Олимпиада 2 айналымнан тұрды. 1-айналым Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу; 2-айналым Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндінінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты сократтық сұрақтарға жауап беру, Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау, сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын ашу сияқты тапсырмалар ұсынылды.

«Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебі» ММ -нің 11 сынып оқушысы Қайдар Саяжан Білім және ғылым министрінің қолы қойылған ІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді және бағалы сыйлақтармен марапатталды.Сонымен қатар, мектебіміздің тағы да бір 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила «Алғыс хат және грамота» иегері атанды.Осы олимпиадаға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріДюсенбина Гүлсім  Амангелдіқызы және Умрахимов Сәкен Балтекұлы.

Оқушының жеңіске деген ұмтылысы, зор талабы, ұстазының берген білімін шарықтатып, биік белестерге жетуіне ықпал етті. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың  еңбегі еленіп, жоғары деңгейде бағалануы нұр үстіне нұр болсын!