Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”атты әдеби-сазды кеш өтті.
21-02-2020 10:52
 Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”атты әдеби-сазды кеш өтті.

         Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”атты әдеби-сазды кеш өтті.

         Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
 
        Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэзиясы, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы.Ендеше, жас ұрпақ!Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!