«Мәшһүр Жүсіп оқуларының» облыстық байқауы 2020 жылғы 24 ақпанда дарынды балаларға арналған Алтынсарин атындағы гимназия - интернатында өтті. Шығармашылық байқауына облысымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар ақындық шабытпен ғұлама өлеңдерін оқып, эссе жазды, ғылыми жоба қорғады. М.Жүсіптің өлмес туындысы қазақ халқының сезімдерін, даналығы мен мәдениетін дамытатын өнер шыңына айналды.Қатысушылар адамдардың жан-дүниесін қозғайтын мәңгілік тақырыптағы - өмірдің мәні, уақыт пен адамгершілік, тарих және тағдыр туралы өлеңдерін оқыды.
Бас жүлдені № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила иеленді. Біз жүлдегерімізді жеңісімен құттықтап, Сурумбетова Камилаға республикалық байқауда жеңіске жетуіне табыс тілейміз!