3-ші наурыз күні мектебіміздің 13 оқушысы Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі өткізген «Қазақстан Республикасының Конституциясы- мемлекет және қоғамның тұрақты дамуының негізі» студенттер мен оқушылар арасындағы ( 6-11 сыныптар ) IY Республикалық құқықтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып жақсы нәтиже көрсетті. Конференция алты бағыт бойынша жұмыс жасады. Біздің оқушылар төрт секциясына қатысып, бес оқушы - Жүкей Аружан, Токташева Көркем, Галлямова Дария, Сарсенбай Еркежан I- орын, Нұрболат Аружан II-орын иеленді.
Амангельды Гулназ, Садартинова Айдана, Кунанбаев Ернар, Қабыш Бекарыс, Джүнісбек Әлібек, Гросс Арнат, Юсупова Айдана, Ерқанатқызы Қарақат белсенділік танытып сертификат иеленді. Оқушыларымызды дайындаған мектебіміздің тарих пәні мұғалімі - Касымжанова Алия Егинбаевна.