Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Халқымыздың салт-дәстүрі – мақтанышымыз» атты тәрбиелік сабақ жүргізілді
05-03-2020 10:03
«Халқымыздың салт-дәстүрі – мақтанышымыз» атты тәрбиелік сабақ  жүргізілді

         Бүгін мектебіміздің рухани жаңғыру кабинетінде   «Ақсақалдар тағлымы» қоғамдық бірлестігінен Ермек Сағынбайұлы Жұматов ардагер ұстаз, Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов - ақын, Ақсу қаласының құрметті азаматы, Балтабай Сәкенұлы Сыздықов - ақын, күйші, шаруашылық және аудан басшылығында қызмет атқарған, Баянауыл ауданының құрметті азаматы, Атырауда өткен республикалық бата берушілер конкурсының жеңімпазы, Рашид Бектемірұлы Бектеміров - ҚР журналистер одағының мүшесі, Май ауданының құрметті азаматы, бірнеше кітаптардың авторы қонақта болып, Рухани жаңғыру аясында 10 сынып оқушыларымен «Халқымыздың салт-дәстүрі – мақтанышымыз» атты тәрбиелік сабақ  жүргізіліп, «Ертіс-Баян өңірінің 100 жыл тарихи тұлғасы» фильмдер сериясынан «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - қасиет иесі» тақырыбы бойынша бейне таспадан фильм көрсетілді.
          Бұл кездесудің басты мақсаты – өскелең жас ұрпақты  тәрбиелік мағлұматтар беру және қосымша деректермен таныстыру. Төзімділікке, этностық құндылықтар мен салт-дәстүрге тәрбиелеу. Балтабай Сәкенұлы күй шертіп, оқушыларға Құрманғазының күйлері туралы айтып берді. Кездесудің соңында оқушылар Балтабай атамыздан бата алып, шығарып салды.